Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығында өзіне-өзі қызмет ету аймағы ашылды. Бұрын кеңесшілер көрсетіп келген қызметтердің біразын енді онлайн алуға мүмкіндік бар.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жаңа форматқа тамыз айында толықтай көшті. Бұл жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. «Кәсіпкер осында келіп, компьютерге отырып, тіркеуден өтеді. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болуы қажет. Алдымен, өзі туралы мәліметтерді енгізеді, бұл келісімшарт жасау үшін қажет. Содан соң ол қажетті қызметті таңдап, тапсырыс береді. Өз-өзіне қызмет ету аймағы сұранысқа ие болады деп ойлаймыз», – дейді Атырау облыстық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жанаргүл Жоламанова. Атап өту керек, кәсіпкерлер смартфон арқылы Services.atameken.kz сервис арқылы да үйлерінен немесе кеңседен шықпай қызметтерге қол жеткізе алады. Алайда, қызметтің үш түрі бойынша маркетингтік, бухгалтерлік, салықтық жобаларды сүйемелдеуді кеңесшілердің көмегінсіз атқару мүмкін емес. Сондықтан, олар бұрынғы форматта жүргізіле бе-реді. Сондай-ақ кеңесшілер өзіне-өзі қызмет ету аймағында клиенттерге көмек береді. Бастапқы кезде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Дегенмен, болашақта ұсыныстар ескеріліп, онлайн-қызмет жетілдіріле түседі. Кәсіпкерлер палатасының мамандары қызметті алу-шыға қажетті мәліметті алуды алғашқы кезде көрсетіп береді, келесіде ол қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында еш қиындықсыз ала алады. Алдағы уақытта өз үйінде немесе кеңседе отырып-ақ тапсырыс беретін болады деп есептейді.
–Жаңа форматқа аудандық кәсіп-керлерге қызмет көрсету орталықтары да көшеді. Қазіргі кезде онда интернет жылдамдығы мәселесі шешілуде. Атап өтетін жайт, тұрғын жайға қарамастан онлайн қызметті кез келген қалада алуға болады, – дейді палатаның аудандағы директоры А.Баймұратова.
Өз тілшіміз.