Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әділет – үздік сарбаз

Атырау облысынан әскер қатарына шақырылған сарбаз Әділет Жәнібекұлы Байбоз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін өтеп жатыр.

«Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің және бірінші тұлғаларының қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым.

Мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару – сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік. Біздің жеке құрам қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен, әр облыстардан денсаулық жағ-дайы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік деп танылған жастар таңдалып алынады. Жауынгер Әділет Жәнібекұлы осы қатардан табылғаны – оның туған өлкесінде отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз. Әрине, сонымен бірге, ел абыройын ойлаған азаматтар басқарып отырған аймақтағы жергілікті қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тиянақты жұмысының нәтижесі екенін де айта кету керек.

Осы тұста, Әділет Жәнібекұлы 1996 жылы 20 маусымда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Қаракөл орта мектебін бітіріп, былтырғы жылы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдайды. Ол Атырау облысы Қызылқоға ауданының қорғаныс іс-тері жөніндегі бөлімі арқылы әскер қатарына шақырылып, бүгінде «Айбын» Президенттік полкінде жауынгерлік борышын өтеуде. Әділет әскери қыз-метте өзінe қойылған тапсырмаға жауапкершілігін, сонымен қатар әскери іске құштарлығын көрсетіп, басқа сарбаздарға үлгі бола алды. Сонымен қатар, ол әскери қызметінің бірінші күндерінен бастап, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге зор ынтамен кірісті. Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде ол белсенді, жауапты азамат ретінде танылды. Сөзі мен ісі жарасқан еңбекқорлығымен қатар қарапайым мінезді. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында командирлерінен үйрен-ген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолдана біледі. Жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым ең үздік бағаларға орындайды. Өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактикалық-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгергендіктен атыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Ол – бөлімнің жастар бастамашылық орта-лығының белсенді мүшесі болып, жақсы ұйымдастырушы ретінде танылып, мерекелік және әскери-патриоттық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысып жүр. Әскери міндеттерін жауап-кершілікпен атқарғаны үшін ол бірнеше рет марапаттарға ие болды. Әлбетте, Әділет Жәнібекұлының өзіне жүктелген жауынгерлік міндеттерді абыроймен атқарып келе жат-қаны туралы оның жерлестері білуі тиіс деп санаймыз. Сарбаздың жақсы жетістіктерге жету жолына үлес қос-қан азаматтар оның істері жөнінде хабардар болуы қажет. Сонымен қатар, болашақта мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс жас ұрпақ өкілдерінің патриоттық сезімдерін оятып, абырой, міндет ұғымдарын санасына сіңіру үшін де үлгі-өнеге боларлық іс деп білеміз.

Б.УТЕУОВ,

«Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінің командирі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT