Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Іске сәт, грант иегерлері!

Өткен аптада Миялы спорт кешенінде «Zhasproject» жобасы аудандық жеңімпаздарының жәрмеңкесі өтті.

Бұл шараға грант иегерлерінен бөлек, көпбалалы аналар да қатысты. Алдымен конкурс жеңімпаздары қонақтарға түрлі салада өз өнімдері мен көрсететін қызметтері бойынша көрме өткізді. Шара барысында жеңімпаз жобалардың жетекшісі, ментор Сержан Бисенғалиев көрмедегі көпбалалы аналарға «Айналайын» уақытша бала бағу орталығы, «Салауатты өмір» қыз-келіншектерге арналған фитнес-клуб, «Аруана сыңар өркешті түйе сүті», «Сүтті сиыр өнімдерімен бөлісу», «Сүт өнімін алу», «Құс өсіру шаруашылығы», «Шебер қолдар жобасы», «Батут ойын-сауық орталығы», «Gold_event_studio» безендіру орталығы, «Аниматорлар әлемі», «Тәтті нан тоқаш өнімдері», «Жанға пайда, емге дауа» ешкі сүт өнімдері сынды 12 жобаны жеке-жеке таныстырды. Аталған жобалар бойынша азық-түлік, тұтыну тауарларын ұсынған өнім өндірушілер келушілерге дәмді тағамдарынан ауыз тигізсе, ауыл балаларына қызмет көрсететін орталықтар өздері ұсынған жобалар арқылы кішкене тұрғындарды шат-шадыман әсерге бөледі.

b

k

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көпбалалы аналарға жыл аяғына тегін қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін арнайы сертификаттар табыстады. Көрмені тамашалаушы аналар грант иегерлеріне алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521