Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

150 мың теңге кімге бұйырды?

Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жасқайрат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде аудандық «Мен қазақтың келінімін» атты келіндер байқауы өтті.

Аталмыш байқауға Тайсойған, Қызылқоға, Жамбыл, Тасшағыл, Көздіғара, Ойыл, Жангелдин, Сағыз, Миялы ауылдық округтерінен келіндер қатысты.

Байқау нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Ойыл ауылдық округінің қатысушысы Мейрамгүл Жаманқұл жеңіп алып, сайыстың бас жүлдесі 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Миялы ауылдық округінің намысын қорғаған келін Гүлдана Балмағамбетова иеленсе, Қызылқоға ауылдық округінен келген келін Айсана Нұралина үшінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, Ақсәуле Аманжолова (Жангелдин ауылдық округі) – «Зерделі келін», Жанна Ырысжанова (Көздіғара ауылдық округі) – «Өнерлі келін», Бағила Хайроллаева (Тасшағыл ауылдық округі) – «Сәлемімен сыйлы келін», Айнұр Қаратаева (Сағыз ауылдық округі) мен Айнагүл Жаңбырова (Тайсойған ауылдық округі) – «Парасатты келін», Светлана Қасымова (Мұқыр ауылдық округы) – «Ибалы келін», Жайнагүл Жылқышиева (Жамбыл ауылдық округі) – «Көрермен көзайымы» атақтарын еншіледі. Дүбірлі сайыс соңында қазылар алқасының төрайымы Ғалия Жолжанқызы кешті қорытындыласа, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521