Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жандос - қола жүлдегер

Жақында Семей қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы  ел чемпионаты болып өтті. Оған Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, ардагер спортшы Жандос Тілекбаев қатысып, қола жүлдеге ие болды. 

Жандос бірінші белдесуінде Абай облысының балуаны Исин Талантты, екінші белдесуде Алматы қаласының  балуаны Серік Мәметиязовты ұтты. Сонымен қатар, үшінші белдесуде түркістандық балуан Айбек Ильясовты таза жеңсе, жартылай финалда қарағандылық балуан Рахат Ысқақовқа 2:1 есебімен жол берді. Ал, қола медаль үшін тартысты бәсекеде Алматы қаласының балуаны Еркін Салықбаевты жеңді. Осылайша, Жандос Тілекбаев 5-12 маусым аралығында Астана қаласында өтетін  Азия чемпионатына жолдама алды. Ардагер спортшымызға, сәттілік пен жеңіс тілейміз. 

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521