Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерхан тағы да ерледі

Таяуда Польша елінде дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы сарапқа салынған байрақты бәсеке өтті. Бұл жарысқа әлемнің 34 елінен жас дзюдошылар қатысып, үш күн бойы татами төрінде кім мықтыны анықтады.

Аталмыш додада 55 келіде ел намысын қорғаған жерлесіміз  Ерхан Мұрат алғашқы белдесулерінде Сербия, Польша, Украина елінің дзюдошыларын ұтқанымен жартылай финалда француздық балуаннан айласын асыра алмады. Ал, қола медаль үшін болған тартыста тағы бір Франция елінің балуанымен белдесіп, таза жеңіске жетті. Айта кетер жайт - бұған дейін 50 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген Ерхан осы жолы 55 келі салмақта бағын сынап, шын мықтыға тұсау жоқ екендігін дәлелдеді. Ерханның дәл осындай байрақты бәсекеде жүлдеге ілінуіне Сағыз балалар-жасөсіпірдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Сәлімгерей Нұрболғановтың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз