Атырау қаласында волейболдан 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында облыстық Ұлттық мектеп лигасы болып өтті.
Оған Атырау қаласы, облыстық мектеп, Индер, Исатай, Махамбет, Құрманғазы, Мақат, Қызылқоға аудандарынан барлығы 9 команда қатысты. Осы лигада аудан намысын қорғаған Жаңашаруа орта мектебінің волйболшы қыздары финалда Атырау қаласының командасына есе жіберіп, екінші орынды иеленсе, Айсезім Қанатбекқызы «Үздік қорғаушы» атанды. Жас волейболшылардың осындай жетістікке жетуіне жаттықтырушы Сүндет Райстың еңбегі зор.
Бауыржан ІЗБАН




