Бүгін «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Конституциялық өзгерістер: қарапайым тілмен» тақырыбында ашық диалог алаңы өтті.
Кездесудің басты мақсаты - Конституция аясында жүзеге асқан өзгерістердің мәні мен маңызын жастарға түсінікті тілде жеткізу, құқықтық және саяси сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Спикер ретінде Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Бақтығалиұлы Бақтығали қатысып, конституциялық өзгерістердің мазмұнын нақты мысалдармен түсіндірді. Жастардың көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өрбіді.




