Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Д.Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Д.Б. жәбірленуші өзінің анасы З.-ға алкогольдік масаң күйде айқайлап дауыс көтеріп, отбасы тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық білдірген, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған. Сот отырысында Б.Д. кінәсін мойындап, анасынан алкоголь өніміне ақша сұрап, бермеген соң ашуға бой алдырып, дауыс көтеріп сөйлегенін, жасаған іс-әрекетіне өкініп, енді қайталанбайтынына уәде беретінін айтып, айғақ келтірді. Жәбірленуші З. сот отырысында, бұл іс-әрекет бірнеше рет орын алғанын, сол себепті полиция қызметкерлерін шақыртқанын, жасы жетпіске таяп қалған зейнеткер екенін, бірақ баласына кешірім беріп, татуласқандарын айтып айғақ келтірді. Сот қаулысымен азамат Д.Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен басталған іс жәбірленуші З.-мен татуласуына байланысты іс тоқтатылып, ол әкімшілік жауаптылықтан босатылды. Д.Б-ға алкогольдік ішімдік ішуге толық көлемде тиым салуды көздейтін ерекше талаптар 6 ай мерзімге белгiленіп, көрсетілген уақытта Қызылқоға аудандық полиция бөліміне баруы жүктелді.
Қызылқоға аудандық соты




