Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Алтын адам» республикалық турнирі өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жас балуандар қатысып, екі күн бойы өзара кім мықтыны анықтады. Бұл сында 73 келіде бақ сынаған Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Нұржан Аманжол жартылай финалға дейін барлық қарсыласынан басым түсті. Тек ақтық сынға берілер жолдама үшін өткен белдесуде алматылық балуаннан айласын асыра алмады. Есесіне үшінші орын орын үшін болған кездесуге ширығып шығып, жетісулық қарсыласының жауырынын жер иіскетті. Осылайша республикалық турнирде үшінші орынға ие болып, өз мықтылығын дәлелдеді. Сөйтіп жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғановтың шәкірті байрақты бәсекеде жүлдеге ие болып, ауыл, аудан мерейін тағы бір мәрте үстем етті.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT