Жаңа Конституция жобасының басты басымдықтарының бірі – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту.
Сонымен қатар Ата Заңның жаңа мәтінінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі тіректері ретінде қарастырылады. Цифрландыру үдерістерін жеделдету, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық экожүйе қалыптастыру және адами капиталдың сапасын арттыру – елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар ретінде айқындалады. Бұл бағыттар, әсіресе, жоғары білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің жауапкершілігін арттырып, олардың ұлттық дамудағы рөлін күшейтеді.Жаңа Конституция жобасының жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылуы – халықтың мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына жол ашатын, білімге, ғылымға және инновацияға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған тарихи қадам.
Әсел БЕКЕШОВА,
белсенді жас




