Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жерлестеріміз ләңгі тебуден жеңімпаз

Құлсары қаласы әкімдігінің қолдауымен "Теңізшевройл" компаниясының құрылғанына 30 жыл толуына орай  2008-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Оның ішінде, ләңгі тебуден жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Х.Досмұхамедұлы  орта мектептің 8 сынып оқушысы Болатбек Қуанұлы І орынды, Миялы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бақтыбек Жұмабергенұлы  ІІ орынды иеленді. 
- Ләңгі тебу – шынығудың бір түрі. Сондай-ақ, балалық шақтың жарқын естелігі. Балалардың ширақ және дені сау болып өсуі үшін балаларға әкелер «ләңгі тебуді» үйреткені дұрыс. Денсаулыққа да пайдасы зор», - дейді жаттықтырушы Қуан Ағашин. Бүгінде ұмытыла бастаған ұлттық ойындар садақ ату, көкпар, ләңгі тебу, асық ату ойындары қайтадан қолға алынып, жаңғыртылуда. Ұлттық ойынмен тұрақты айналысу арқылы саламатты өмір салтын ұстанарымыз анық.  

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT