Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"Сталкингті тоқтат: Қауіпсіздік әр адамның құқығы"

Осындай тақырыптағы кездесуде мектеп оқушылары мен жиынға қатысушыларға арнайы спикер ретінде ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, отбасын қолдау орталығының психологы және Миялы ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымдары сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикерлер қоғамдағы әрбір азаматтың, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығы мен адамгершілік жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Сталкингтің (қудалау, аңду) жеке адамның ар-намысы мен қауіпсіздігіне қол сұғу екенін түсіндіріп, мұндай әрекеттердің заң тұрғысынан жазаланатынын жеткізді.

Сонымен қатар, спикерлер жастарға өз құқықтарын қорғау және сталингке қарсы күресу жолдарын түсіндірді. Жиын соңында жастарға сабыр, сыйластық, жауапкершілік және заңға құрмет қағидаларын берік ұстану жөнінде тағылымды кеңестер берілді. Корытынды сөзінде модератор кездесуге қатысушыларға алғыс білдіріп, сталингке қарсы күресте белсенді болуға шақырды.

А. ШӘКІРОВА,

Қызылқоға АПБ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT