Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

 Таяуда, Астана қаласында джиу-джитсудан республикалық «EURASIAN JIU – JITSU CAP» ашық турнирі болып өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген жас джиу-джитсушылар қатысып, мықтылықтарын көрсетті. Осынау дүбірлі додаға Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Аманжол Бекбаулиевтің шәкірттері де қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Айталық, джиу-джитсудың файтинг түрі бойынша Дінмұхаммед Шынтемір (40 келі) мен Нұрхан Қайыржан (48 келі) бірінші орынды жеңіп алса, Жансерік Мақсот (62 келі) екінші орынды, Балтабек Данабай мен Жандос Асхатұлы (екеуі де 40 келі) үшінші орынды иеленді. Сөйтіп, елорда төрінен абырой арқалап оралды. 

Бауыржан ІЗБАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT