Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қамқорлық жүйеге айналғанда: «Маленькая страна» 2025 жылғы жетістіктері

«Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі өткен жылдың қорытындысын шығарып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерді оңалту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Бұл жоба – жай ғана оңалту орталығы емес, әр адам өзін толыққанды әрі сенімді сезінуі үшін барлық жағдай жасалған қамқорлық пен дамудың тұтас экожүйесі.

Орталық жұмысының негізінде ұқыпты әрі табиғи тәсілдер жатыр: табиғат, жануарлар, қозғалыс және сенім. Мұнда заманауи әдістемелермен қатар органикалық тәжірибелер, иппотерапия, канистерапия, фелинотерапия, орнитотерапия және өзге де табиғи оңалту тәсілдері қолданылады.

2025 жылдың нәтижелері көңіл қуантады: 225-тен астам адамға көмек көрсетілді. Орталықтың аумағы бес гектарды алып жатыр, мұндағы әрбір бұрыш сауығу мен қуанышқа бағытталған. Халықаралық деңгейдегі мамандар тиімді бағдарламаларды жүзеге асырып, жаңа кадрларды даярлады. Сонымен қатар орталық әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып, автономды энергетиканы қолдайды. Қол жеткізген жетістіктері үшін «Маленькая страна» ҚБ «Алтын жүрек», Reach for Change марапаттарына, ҚР Президентінің алғыс хаттарына және ұлттық сыйлықтарға ие болды.

«“Маленькая страна” жобасы әлеуметтік бастаманың әрі тиімді, әрі жанға жылу сыйлайтын бола алатынын көрсетеді. Біз балалар мен ересектердің өміріндегі нақты өзгерістерді көріп отырмыз, бұл шабыт пен үміт сыйлайды», – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамуратов.

Жобаның дамуына 2020 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы қолдау ерекше үлес қосып келеді. Соның арқасында орталық білікті мамандарды тартуға, терапиялық жылқылар сатып алуға, бірегей оңалту бағдарламаларын дамытуға және инфрақұрылымды кеңейтуге мүмкіндік алды.

Өткен жылы орталық жүздеген адамға көмек көрсетіп, жаңа мамандар даярлап, тұрақты әлеуметтік тәжірибелер қалыптастырды. Әдістемелік сүйемелдеумен серіктес қорлар арқылы көмек алатын жанама бенефициарларға да ерекше көңіл бөлінді. Мақат ауданында 60-тан астам адам, Құрманғазы ауданында шамамен 130 адам, Жылыой ауданында 5 адам қолдау алды.

«Біздің мақсатымыз – сапалы оңалтуды әрбір бала мен әр отбасы үшін қолжетімді ету. Үміт берілмеген балалардың жүріп, сөйлеп, күле бастағанын көру – біздің команда үшін ең үлкен марапат», – деді «Маленькая страна» ҚБ негізін қалаушы Ерлан Құмісқалиев.

Бүгінде жоба инфрақұрылымды кеңейтіп, әдістемелерді өңірлерге таратып, жаңа мамандарды даярлауды жалғастырып келеді. Орталық көмекті қажет ететін жандар үшін қызметтің қолжетімділігін сақтау мақсатында тұрақты қаржылық модель қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT