Бүгін Армения астанасы Ереванда самбодан 48-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Үш күн бойы 65 мемлекеттің қатысуымен жалғасқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 5 қоламен жалпы есепте 3-орынға тұрақтады.
1. Ресей — 13 алтын, 2 күміс, 3 қола
2. Өзбекстан — 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
3. Қазақстан — 1 алтын, 2 күміс, 5 қола
Ел қоржынына жүлде салған спортшылар:
Алтын Арайлым Әбенова (+80 кг);
Күміс – Еламан Қойшыбаев (80 кг) пен Маргарита Бажаева (50 кг);
Қола медаль –Арнұр Қуатай (71 кг), Әлібек Зекенов (98 кг), Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг), Шынар Абатова (72 кг), Талғат Жиентаев (+98 кг);
Айта кетейік, келесі 2024 жылы қараша айында самбодан әлем чемпионатын екінші мәрте Астана қаласы қабылдайды.