«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы елімізге инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударды.
Қазіргі кезде әлемдік экономика жағдайында инвестиция үшін бәсеке күшейіп отыр. Сондықтан Қазақстан үшін жаңа инвестициялық кезеңді бастау – стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі. Елімізге тартылып жатқан инвестициялардың басым бөлігі шикізат секторына бағытталып жатқанын атап өткен Президент «Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір алдымызда тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет» деген болатын. Бұл ретте аудан бойынша өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 48 577,0 миллион теңгені құрап, 2024 жылмен (44185,0 миллион теңге) салыстырғанда 106,7 пайызға артты. Ал, шағын және орта кәсіпкерлікке тартылған инвестиция көлемі 8 кәсіпкерлік объектілер бойынша 240,7 миллион теңгені құрады. Бұл бағытта алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүре береді.
Зинеш САРБУФЕЕВА,
аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы



