Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет эволюциясының негізін қалыптастырады – Бақыт Нұрмұханов

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап беретінін және Қазақстан мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталғанын айтты.

Оның сөзінше, жобада ұсынылған жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейте отырып, қайта бекітеді. Адам құқықтары мен Конституция негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды. Спикер Конституция жобасындағы ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына сай келетінін, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастыратынын атап өтті. «Конституция жобасына енгізілген ережелер қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға негіз қалайды», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары. Сонымен бірге Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсынымдары ара қарай жұмыс барысында да құнды азық болатынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT