Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда ел дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды бастамалар көтерілді. Соның ішінде білім беру саласының дамуы мен жасанды интеллекттің қоғамдағы орнына ерекше назар аударылды.

Құрылтайда білім – мемлекеттің ең басты стратегиялық ресурсы екені нақты айтылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Біз білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет. Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді. Ең бастысы – бұл жоспарлар жұртты құр уәдемен жарылқайтын тұсаукесер рәсімдері мен форумдардың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Біз пиар-акциялар мен көз алдайтын жалған ілгерілеуге емес, нақты жетістікке ұмтылуымыз қажет» деді. Қандай технология дамыса да, қандай жаңалық келсе де, оның негізінде сапалы білім, терең ойлау және жауапкершілік болуы қажет. Білімсіз технология – бағытсыз күш, ал білімді ұрпақ – елдің тірегі. Жасанды интеллект бүгінгі күннің шындығына айналды. Ол оқу процесін жеңілдетуге, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді. Алайда жасанды интеллект адамды алмастыру үшін емес, адамға қызмет ету үшін қолданылуы тиіс екені де атап өтілді. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда жастардың бәсекеге қабілетті болуы, заманауи білім мен цифрлық дағдыларды меңгеруі ел дамуының негізгі кепілі екені айтылды. XXI ғасырда тек ақпаратты білу жеткіліксіз, оны дұрыс қолдана білу, жауапты шешім қабылдау, өз ұстанымын қорғай алу аса маңызды. Бұл бағытта атқарылатын ауқымды шараның барлығы келешек ұрпақ пен елдік мүдде үшін.

Бекбол ОМАРОВ,

Кенбай орта мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT