Еліміз үшін Ұлттық құрылтай жаңа диалог алаңына айналып отыр. Бұл бастама Қазақстанның дамуына ықпал ететін әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп келеді.
Оның басты мақсаты – қоғамның түрлі топтарын біріктіріп, халықтың үнін тыңдау, олардың пікірлерін ескеріп, елдің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау. Құрылтай арқылы жастардың сапалы білім алуы, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті дамыту сияқты мәселелерді тікелей көтеруге мүмкіндік бар. Осыдан-ақ біздің қоғамдағы орнымыздың маңыздылығын көрсетеді. Құрылтай барысында көтерілген жастар саясаты, білім мен тәрбие, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері жастармен тікелей жұмыс істейтін біз үшін аса өзекті. Мемлекет басшысының жастардың әлеуетін ашуға, олардың қоғамдағы белсенді рөлін күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалары алдағы жұмысымызға серпін береді. Жастар ресурстық орталығы өз кезегінде Президент бастамаларын қолдап, жастардың білімді, саналы, елжанды болып қалыптасуына, олардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға бар күшін салатын болады. Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір идея – болашаққа жасалған маңызды қадам деп білеміз.
Ризабек АМАНТАЕВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының директоры



