Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

223 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басым бағыттарының бірі – қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу барысында олардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Департамент тарапынан тұрақты түрде бақылау, талдау және түсіндіру іс-шаралары жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, анықталған кемшіліктердің алдын алуға және оларды уақтылы жоюға бағытталған.

Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет көрсету мерзімдерін бұзу сияқты кемшіліктер орын алып жатады.

Осы бағытта, жұмыс шеңберінде мемлекеттік қызмет алушының өтініштерін қарау, жоспарлы тексерулер, байқау және бақылау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 223 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас маманы Сәлменов Мұратбек Сәлменұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT