Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ХОККЕЙ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында жаңа хоккей алаңы пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 800 шаршы метр болатын корт жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қысқы спорт түрлерін дамытуға бағытталған.

Алаңның ашылуына орай «Алтын шайба» атты шайбалы хоккейден әуесқой командалар арасында облыстық ашық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Атырау қаласы мен Индер, Құрманғазы, Махамбет және Исатай аудандарынан келген бес команда қатысты. Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша құрманғазылықтар І орын иеленді. Махамбет ауданының «Алимай» командасы ІІ орынға тұрақтаса, Атырау қаласының «Еркінқала» құрамасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT