Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Достықтың" мерейі үстем

Миялы спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл спорттық іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыру болып табылады.

Спорт додасына қатысушылар «Намыс», «Барыс», «Достық» және «Жігер» командаларына бөлініп, садақ ату, үстел теннисі, бильярд, тоғызқұмалақ, волейбол және шағын футболдан сынға түсті. Шараның ашылу салтанатында құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:

– Дені сау адам ғана еліміздің болашағын жарқын ететіні белгілі. Сондықтан, мемлекеттік қызметте спортты серік еткен азаматтар қатары көп болса, олардың мемлекеттің дамуына үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бұл ретте, жылдағы дәстүр бойынша мемлекттік қызметшілер арасында өтетін спартакиада биыл да жалғасуда. Бәріңізге сәттілік тілеймін, - деді.

Шарада аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жәния Ізбасқан жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, спорт додасында жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді.

Жарыс қорытындысымен І орынды жеңіп алған «Достық» командасы арнайы кубокты иемденсе, ІІ орынды «Барыс», ІІІ орынды «Намыс» командасы иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хатымен, медальдармен марапатталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз