Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы мамандығы - қоғам тірегі

 Қазіргі кезеңде қоғамның орнықты дамуы мен экономиканың ілгерілеуінде еңбек адамдарының рөлі ерекше. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру – бір сәттік бастама емес, бұл ел келешегін айқындайтын маңызды стратегиялық бағыт.

Еңбек адамына көрсетілген құрмет – мемлекетке деген сенімді нығайтып, қоғамның берік негізін қалыптастырады. Жұмысшы мәртебесін көтеру ең алдымен кәсіби шеберлікті жетілдірумен, нақты білік пен жинақталған тәжірибені әділ бағалаумен тығыз байланысты. Осы орайда кәсіби білім беру жүйесін жаңарту, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға кең мүмкіндік жасау – басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар жастарға жұмысшы кәсіптерін заман талабына сай, болашағы бар әрі абыройлы мамандық ретінде насихаттау да аса өзекті. Бүгінде өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары білікті мамандарға зәру. Сондықтан еңбек адамына деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Бұл ретте еңбекақыны кезең-кезеңімен өсіру, әлеуметтік қолдауды күшейту және еңбек қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мәселелері кешенді түрде шешілуі қажет.

 Қабылхан Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT