«AMANAT» партиясына қарасты “Құлсары аумақтық” бастауыш партия ұйымы мен оның мүшелері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысты. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауды басты құндылықтардың бірі санайтын партия мүшелері бұл жолы да игі істің басынан табылды.
Акция аясында аумақты тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар туған жердің тазалығы әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатынын айқын сезінді. Құлсары қаласының көрікті келбетін сақтауға үлес қосқан партия мүшелері мен белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.
Акцияға қатысушылардың айтуынша, “Таза Қазақстан” – бір күндік шара емес, бұл – болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырар ортақ міндет. Осындай бастамалар арқылы қоғамда табиғатқа деген құрмет артып, тұрғындардың экологиялық сауаттылығы қалыптасады.
А.Махамбетова



