Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Күрделі отадан кейін жаңа мүмкіндіктерге: Аяжан Смағұлова «Шектелме» жобасының арқасында өмірін қалай өзгертті

26 жастағы Аяжан Смағұлова миына үш мәрте күрделі операция жасатып, ұзақ уақыт реабилитациядан өтті. Бір кездері оның жүріп-тұруының өзі қиындық тудырса, бүгінде сенімді түрде алға нық қадам басып келеді. Жаңа мүмкіндіктерге   «Шектелме» жобасы жол ашқан. Жоба  «ТШО» ЖШС және «Жаңаша» ҚБ қолдауымен үшінші жыл қатарынан іске асып келеді. Қазір Аяжан бала күтіміне байланысты демалыста, қызын тәрбиелеп, табыс тауып отыр.

Жоба жұмыссыз жастар мен жас кәсіпкерлердің еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуіне, жаңа дағдыларды игеріп, табыс табуға көмектеседі. Аяжан SMM бағытын таңдап, цифрлық салада жұмыс істеуге қажет білім алды. 

— «Мен тегін SMM курсын тәмамдадым және алған дағдыларымды іс жүзінде қолдана аламын. Бүгін мен қаладағы түзету орталығының біріне жұмысқа орналастым, айлығым — 150 мың теңге, кестесі ыңғайлы, тек жарты күн жұмыс істеймін. Жобаның арқасында табыс таба бастадым. «Шектелме» жобасының маған берген осы мүмкіндігіне  ризамын», — дейді Аяжан.

Жоба Құлсары мен Атырау қалаларының жүздеген жас тұрғынына таргетинг, маркетинг, графикалық дизайн және мобилография сияқты бағыттарды тегін меңгеруге көмектесті.

— «Біз жобамыздың түрлі қиындықтан өткен адамдардың “екінші тынысын”  ашқанына куәміз.  Аяжан — өз мақсатына адалдық пен жоба қолдауының арқасында көңіл қуантатын нәтижелерге жетуге болатынын көрсететін жарқын мысал. Біз үшін әр қатысушы алған білімді тәжірибеде қолдана алып, жоба аясында табыс табуы маңызды», — дейді “Жаңаша” ҚҚ басшысы Алтынай Серікбай.

Аяжан Смағұлова — бір ғана мүмкіндіктің  адам өмірін түюегейлі өзгерте алатынын көрсететін жарқын мысал: жаңа білім мен дағды игеруге көмектеседі, өзіне сенімділікті арттырады, жаңа жетістіктерге жол ашады.

2023 жылдан бастап «Шектелме» жобасы аясында 1000-нан астам адам тегін білім алды. Негізінен олар — жұмыссыздар, жас кәсіпкерлер, декреттегі әйелдер және жастар. Қазіргі таңда көптеген қатысушы фрилансер ретінде жұмыс істейді, олардың ай сайынғы табысы 100 000–530 000 теңге аралығында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT