Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу тетіктерін ұсынып, тиісті құрылымдарға тапсырмасын да берді.
Жолдауда цифрландыру жүйесі, өңдеу өнеркәсібін дамыту, елге инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады. Сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі» деген сөзі – жас буынды шабыттандырып қана қоймай, жастарға артылған зор сенім екендігі сөзсіз. Кәсіп ашуға ұмтылған әрбір жас – ел дамуының тірегі, қоғамға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер, оқыту және тәлімгерлік бағдарламалар қарастырылған. Бұл қолдау – жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны табысты жүргізуіне жол ашады. Әсіресе облыс аумағынан шалғай жатқан аудан, ауылдағы жас кәсіпкерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік екені даусыз. Бүгінгі күні ауданда көптеген жас бизнеске қадам басып, қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып жүр. Бірі таза өнім өндіруді қолға алса, бірі жаңа идеяларымен аудан дамуына үлес қосуда. Мұның барлығы жастардың әлеуеті зор екенін көрсетеді.
Алтынзер БАЙМҰРАТОВА,
аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры