Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Адал еңбек - абырой

Еңбек – ел дамуының негізі, ал жұмысшы маман – сол еңбектің басты күші. 

Ауданымызда құрылыс, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы, білім беру және әлеуметтік салада жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарының үлесі зор. Олардың табанды еңбегінің арқасында ауданымыздың инфрақұрылымы дамып, елді мекендердің ажары артып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсаруда. Қазіргі уақытта аудан көлемінде жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып отыр. Осыған байланысты жастарды кәсіби білімге тарту, заманауи дағдыларды үйрету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жас мамандар тұрақты жұмыспен қамтылып, аудан экономикасына үлесін қосып келеді.

Қарапайым еңбек адамы – қоғамның ең құрметті өкілі. Махамбет ауданында жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау әрдайым басты назарда.

С.ЖАЙЛАШЕВ

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT