Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Тақиялы періште» қойылымы Атырау Жастар театрының жаңа маусымын ашады

Атырау облыстық Жастар театры жаңа маусымын Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» музыкалық комедиясымен ашады. Премьера 11-12 қыркүйек күндері театр сахнасында өтпек. Бұл туралы театр өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Көркемдік жетекші жаңа қойылымның мазмұны мен ерекшелігіне тоқталды.

— «Тақиялы періште» — қазақ киносының інжу-маржанына айналған шығарма. Біз бұл туындыны сахналық нұсқада ұсынып отырмыз. Қойылымда ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтары әзіл мен музыка арқылы өріліп, көрерменге жаңа әсер сыйлайды. Тайлақ пен Тананың бейнесі арқылы жас ұрпаққа адалдық пен шынайы сезімнің құндылығы жеткізіледі, — деді Мұқанғали Томанов.

Театр директоры Әміржан Нұрланұлы алдағы премьераны жастар театры үшін айрықша қадам деп бағалады.

— Бұл қойылым – жастарға қазақы болмысты танытатын, ал аға буынға көптен бері сүйіспеншілікпен көріп жүрген шығарманы қайта сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мәдени оқиға. Жастар театры репертуарына музыкалық комедия жанрының енуі көрерменнің қызығушылығын арттырады деп сенеміз, — деді ол.

Қойылымда Тайлақтың анасы Тананың рөлін сомдайтын актриса Тұрсынгүл Аманғалиева образды жеткізудің қыр-сырымен бөлісті.

— Тана – ұлын шексіз жақсы көретін, бірақ кейде сол мейірімін артық көрсетіп қоятын кейіпкер. Бұл образ арқылы ана жүрегінің кеңдігін, отбасы бақыты үшін жан аямайтын қазақ әйелінің болмысын ашуға тырыстық, — дейді актриса.

«Тақиялы періште» премьерасы Атырау көрермендері үшін жаңа маусымның басты мәдени оқиғасына айналмақ. Қойылымға деген көрермен қызығушылығының артуына байланысты премьера тағы бір күнге ұзартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT