Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 3 мыңнан астам шетелдік көлік айып тұрағына қойылды

Атырау облысында есепті мерзімде айыппұл төлеуден жалтарған 3138 шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері тіркеусіз жүрген 3911 көлік уақытша есепке алынды.

2025 жылдың 11 айында шетелдік көліктерге қатысты 161 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 4,6 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, тіркеусіз көлік басқарғаны үшін 559 құқық бұзушылық тіркеліп, 23,9 млн теңге айыппұл салынған. Мамандар шетелдік көліктерді заң бойынша 10 жұмыс күні ішінде тіркеу қажет екенін ескертеді. Ал оң жақ рульді көліктерді бастапқы тіркеуге заңмен тыйым салынған.

 Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT