Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындайды.
Осы орайда, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тұрақты түрде бақылау, талдау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік органдардың қызмет көрсету барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылып, анықталған кемшіліктердің алдын алу және оларды жою бойынша нақты шаралар жүргізіледі.Аталған шаралар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтықты арттыруға және қызмет алушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде«Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» саласында мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының бұзылуына жол берілгені анықталды.
Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы салдарынан бірқатар азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері уақтылы ұсынылмаған. Департаменттің қабылдаған шаралары нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген себептер жойылып, 161 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар департаменттің құзыреті аясында жалғасын табады және алдағы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын одан әрі арттыру және азаматтардың құқықтарын толық қорғау үшін нақты шаралар жүргізіліп отыратын болды.
Мұратбек Сәлменұлы Сәлменов
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы



