Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Ашық есік күнін" өтеді

"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) Атырау облыстық филиалы онлайн-форматта "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

Мақсаты – халықтың  зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей "БЖЗҚ" АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.

«Ашық есік күні» 2025 жылдың 11 маусымы күні онлайн-форматта және 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00 өткізіледі.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/r9fc5ecea70eed9566b5794dad276493b бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2517 397 2915 және event-кеңестің паролін 12345 енгізу қажет.     

 

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын, БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT