Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САХНАДА ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰП

«Арман» мәдениет үйінде «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Шараны ашқан аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз Әнжанова бөбектерге сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады.
Жұптық сайыста еркін тақырыпта  ән айтып, белгілі бір музыкалық дуэтке пародия салып, бір музыкаға билеу бөлімдері бойынша он жұп өнер көрсетті.

Мектеп жасына дейінгі ұйымның кішкентай өнерлі бүлдіршіндер барлық кезеңде де сүрінбей өтіп, көрермен қошеметіне бөленді. Тәтті қылықтарымен шырқаған әні де, әншілерге салған пародиясы да тартымды болды. Бүлдіршіндерді байқауға дайындаған тәрбиеші апайларының еңбегіне шексіз алғыс айтқанымыз артық болмас. 
Сөйтіп, өнерлері бірінен бірі өткен байқауда "Алтын кілт" балабақшасының бүлдіршіндері «Жарқын жұп» атанса, "Балбөбек" балабақшасының тәрбиеленушілері «Сүйкімді жұп», "Балауса" балабақшасының бүлдіршіндері «Биші жұп» "Балдырған" балабақшасы «Әдемі жұп», "Жасұлан" балабақшасы «Өнерлі жұп», "Жазира" балабақшасы «Талантты жұп»," Жауқазын" балабақшасы «Әсем жұп», "Нұр-шуақ" балабақшасы «Көрермендер көзайымы», "Қарлығаш" балабақшасы «Актер жұп», "Қызғалдақ" балабақшасы «Өнерпаз жұп» номинацияларымен марапатталып, әдістемелік орталық пен аудандық білім бөлімінің сыйлықтары табысталды.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз