Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АҚЕРКЕ – БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Жақында Астананың қаласындағы Қазмедиа орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен «JYLDYZAI» ХVІІІ республикалық балалар шығармашылық фестиваліне ауданның өнерлі балалалары да қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

    Атап айтқанда, республикалық фестивальда «Вокал» номинациясы бойынша үлкен топтар (13-17 жас) арасында халық әні «Ақеркені» нақышына келтіре орындаған Жаңашаруа орта мектебінің оқушысы Ақерке Түгелбай бас жүлдені жеңіп алып, сайыстың байрағы бес жүз мың теңгені иемденсе, 10 жас пен 12 жас аралығындағы кіші топтар арасында «Хореография» номинациясы бойынша сынға түскен Кенбай орта мектебінің оқушысы Нұрмина Қойшыбай І орынды иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміз Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаевтің  дипломымен, ал білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың өнерін одан әрі дамытуға қосқан үлесі үшін жетекшілері Гүлжазира Қабенова мен Ақбөпе Қарабалина Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен марапатталды.
    Өнерлі балаларды Сағыз стансасынан аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі Ербол Хасанов, ұстаздары мен сыныптастары қошеметпен күтіп алып, ізгі тілектерін арнады. 

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT