Жангелдин ауылында өнерлі өрендердің талантын шыңдап, өнерге талпынып, қанат қаққан жас жеткіншектердің өнерін ұштау мақсатында ауылішілік Balapan Fest «Айгөлек» ән байқауы өтті.
Жангелдин мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен байқауда 16 үміткер-бүлдіршін бақ сынады. 6-13 жас аралығындағы әр қатысушы туған жер, Отан, ана, әке, достық тақырыптарында жанды дауыста ән айтып, көрерменнің ықыласына бөленді. Нәтижесінде, "Қазақстан" әнін тамылжыта орындаған 8 жасар Жанайым Жандарбекқызы І орынды жеңіп алып, басты сыйлық «велосипедтің» иесі атанды. Ал, Рақым Бекентайұлы сазгер М.Омаровтың әні «Әнші балапан» әнін шырқап, ІІ орынды, Амира Нұрханқызы «Отан» әнін шырқап ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушыға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Камшат ӘБІШ