Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҚСЫ ӘСЕР ҚАЛДЫРҒАН ЖАҢА ЖЫЛ

Жантерек ауылдық кітапханасы ауыл жастары мен бірлесіп, үлкендердің қолдауымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік той думан өткізді.

Ауызбіршілігі жарасқан Жантерек ауылы жастан кәріге дейін ұлттық киімдерін киіп, түгелдей атсалысты. Сейсенбай атамыз бата беріп, әжелеріміз шашу шашып, "Қара жорға" биімен наурыз тойы басталды. Қарасаң көз қуанарлық,  салт-дәстүрлерден  әр түрлі көріністер қойылды. Ауыл келіндері сәлем салып, үлкендердің батасын алса, ауылдың ерке қызы Г.Жексенова тамаша өнерімен халықты қуанышқа бөледі. Ағаш үй құрылып, қазақтың ұлттық тағамдары: бүрмеқарын, наурыз көже, қазы-қарта, құрт, ірімшік, балқаймақ, бұжы, бауырсақ, бешбармақ тағамдары қойылып дастархан жайылды. Ұлттық ойындар да қалыс қалмады.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521