Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Бір палаталы Парламент және жаңа басқару моделі: коалиция Жетісу облысы активімен кездесу өткізді

 Талдықорғандағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Жетісу облысының активімен жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Кездесу алдағы референдум қарсаңындағы түсіндіру жұмыстары аясында өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева реформалардың саяси және әлеуметтік мәніне тоқталып, өзгерістер әділ және тиімді мемлекеттік басқару моделін қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, ұсынылып отырған басты жаңалықтардың бірі – бір палаталы Парламент құру. Бұл қадам институттардың жауапкершілігін арттырып, заң шығару үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Аида Балаева референдумның маңызын ерекше атап өтті:

«Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі азаматтардың тікелей таңдауы арқылы тағдыршешті өзгерістерді бекітуге бағытталған маңызды демократиялық қадам деп есептеймін. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – стратегиялық маңызы зор шешімдерді қабылдауға халықтың тікелей қалысуының тиімді тетігі»,– деді ол.

Кездесуде депутаттар мен сарапшылар жаңа Конституцияның қоғам үшін құндылықтық маңызына тоқталды. Құжат әділдік, заң мен тәртіп, адам құқығы, отбасы институты және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталғаны айтылды. Сондай-ақ өзгерістердің мәні – Конституцияны тек мемлекеттік құжат емес, әр отбасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепіліне айналдыру екені атап өтілді. Жиын соңында қатысушылар ашық диалогтың маңызын атап өтіп, алдағы референдумда әр азаматтың саналы таңдауы шешуші рөл атқаратынын айтты. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT