Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАСҚАЙРАТТЫҚТАР НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

«Шалқыма» мәдениет үйінде «Әз, Наурыз– жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.  Алаңда киіз үй  тігіліп, наурыз көжелер мен бауырсақ тарту етіліп, салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, ұлттық спорттық ойындар ойнатылды.

Округ әкімі Мағжан Жексенов  барша ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, Жасқайрат  жастарына барлық шараларға белсенділік танытқандары үшін "Алғыс хат" табыс етті. Бұдан кейін Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі  - «Бесікке салу» рәсімін көрсетсе,  "Өрімтал" бөбекжай  балабақшасы  «Қазан көтер» рәсіміне көрініс көрсетті.

Ұлттық спорттық ойындарына қатысқан ауыл жастары арасынан Асық ату ойынынан М.Нұржанов 1 орын,  Мейрамбек Бақтығали 2 орын иеленсе, Жарас Қарасартов 3 орынға ие болды. Сонымен қатар, қол күрестен-Жәнібек Тілеш 1 орын, Орақ Байшеркешов 2 орын, Асыланбек Құлбатыров  3 орынға ие болды. Әр жылғы жастар арасында өткен арқан тартыстан «93» тер командасы І орын алса, «2001» лер ІІ орын, «96»лар командасы ІІІ орын алып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ауыл тұрғындары күйіз үйден дәм татып, алғыстарын білдірді.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз