Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МӘРТТІГІ

 Қазіргі таңда ел бойынша газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатқандығы белгілі. Осы ретте, жетпіс жылдан астам тарихы бар аудандық «Қызылқоға» газетінің атымтай жомарт оқырмандары демеушілікпен бірнеше отбасыны газетке жаздырып, қолдау білдірген болатын.

Біз өз кезегімізде демеушілерге алғысымызды білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшамызға жазба қалдырған болатынбыз. Сол жазбадан соң атымтай азаматтардың игі ісін жалғауды жөн көрген аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали хабарласып:

– Ауданмен бірге жасасып келе жатқан «Қызылқоға» газетінің алар орны ерекше. Сондықтан төл басылымға үнемі жазылып, әр санын асыға күтіп отырамыз. Осы ретте, аудандық газетімізге қолдау білдіре отырып, аудандық мәслихат депутаттары өз шама-шарқымызға қарай түрлі санаттағы бірнеше отбасына демеушілікпен газетке жаздыруды жөн көріп отырмыз, - деген ұсынысын жеткізді. 

Осылайша мәслихат төрағасы өзі бас болып миялылық бес отбасыны өз қаржысына демеушілікпен жаздырса, оның ізіне ала мәслихат депутаттары Сайлаубек Темірғалиев Тасшағыл ауылынан бес отбасыны, Болатбек Меңдіғалиев Тайсойған ауылынан бес отбасыны, Беркінбай Сұлтанов сағыздық бес отбасыны, Венера Мырзағалиева мұқырлық бес отбасыны, Орынша Әжіғалиева жасқайраттық үш отбасыны 6 айға «Қызылқоға» газетіне жаздырды. Ал, Алтынзер Баймұратова болса жамбылдық бес отбасыға 1 жыл бойы «Қызылқоға» газетін тегін оқуға жағдай жасады. Осылайша халық қалаулылары аудандық газетке қолдау білдіріп, мәрттік танытты. Ендеше, осынау игі істі өзге де кәсіпкерлер мен ел азаматтары жалғастырып алып кетсе нұр үстіне нұр болар еді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT