Миялы ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауылішілік тас жолдарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шаралар жолдардың тайғақтануын азайтып, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыстар әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында — жауын-шашын, қар мен көктайғақ кезінде тұрғындардың еркін қатынауына, арнайы қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жол жабындысының беріктігін арттырып, инфрақұрылымның ұзақ мерзімді пайдаланылуына оң әсерін тигізеді.
Өз тілшіміз



