Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАҚАТ АУДАНЫНДА ЖҮЗУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

Сурет ғаламтордан алынды

Ауданда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді.

Осы ретте Мақат кентінде мемлекет қолдауымен жеңілдетілген несие алған кәсіпкер ауданда алғаш болып жүзу орталығының құрылысын бастады. Кәсіпкер Ербол Ермағамбетов қолға алған құрылыс ауылдастар үшін бұрын соңды болмаған жоба болғалы тұр. Кәсіпкер ересектер мен жасөспірімдерге арналған екі жүзу бассейнін келер жылдың көктемінде ашуға ниетті. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпкердің айтуынша, жүзу бассейндері мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсететін болады. Жалпы Мақат ауданында мемлекет қолдауымен кәсіп ашқан кәсіп иелері көбейіп келеді. Биылдың өзінде ауданда түрлі бағдарламалар арқылы құны 222 млн теңгеге жуық 29 жоба жүзеге асқан.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT