Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялы ауылында тасқын судың беті қайтты

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Судың деңгейі Миялы-Қарабау-Индер тасжолы жырылғаннан кейін төмендеген.

072621f3-4c70-432a-ae5b-cff1ebe72ce9

Қазір Ойыл өзенің суы Қамыскөлден әрі қарай Жарыпшыққанға құйып Тайсойған ауылына қарай ағуда. Ауылдың айналасындағы сайларға су толды.

Миялы ауылымен Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға  ауылдық округтерімен байланыс үзілген жоқ. Шұғыл шаруалары бар тұрғындарды қайықпен өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінге дейін Миялы мен Жангелдин ауылы арасында 200-ге жуық тұрғын қайықпен өткізілген.

Аудандық полиция бөлімінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521