Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕРЕКЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

Бүгін Сағыз ауылында Әз Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. Ауылдың  Сұлтан Бейбарыс және  К.Жүсіпов, Пұсырманов, Қоданов көшелерінде алты киіз үй тігіліп, ұлттық ойындардан (аударыспақ, арқан тарту, гір тасын көтеру, күш сынасу) жарыстар ұйымдастырылды.

Қазақтың ұлттық тағамдары (наурыз көже, бауырсақ, шұбат және т.б.) таратылып, мерекелік концерттік бағдарлама көпшілікке ұсынылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, аналар ел - жұрттың амандығын тілесті. Ұлыстың Ұлы Күніне арналған шарада халық қарасы көп болып,  шара соңы волейболдан жарысқа ұласты. 

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521