Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"НАУРЫЗЫМ- ДӘСТҮРЛІ ІЗГІЛІГІМ"

БҮГІН, Орталық алаңға 6 киіз үй тігіліп, наурыз тойына келгендерге ақ дастархан жайылды. Осы ретте аудан әкімі Қанат Әзмұханов барша қызылқоғалықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған "Наурызым-дәстүрлі ізгілім" атты театрландырылған көрініс пен мерекелік бағдарламаны тамашалады. Терең дәстүрлі құндылықтарды насихаттайтын жарқын мерекеде барабан соғылып, жаршылардың үні естілді. Мал-жанның амандығы үшін аластау рәмісі жүріп, Қыдыр ата көрінісі қойылды. “Ер есімі ел есінде” деп өткенін ұлағаттаған дана халық “Тарихи тұлғалар шеруі” мен “Исатай-Махамбет” қойылымдарын қою арқылы бұл жылдың маңыздылығын айшықтап, тарих тағлымын ұлықтаған-ды. Ұлттық ойындар да өз кезегінде аудан тұрғындары арасында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу сияқты спорттық ойындармен қатар, наурыз тойында “Ең әдемі ұлттық киім “, “Бұрымды ару” мен “Мешкейлер” сайыстарының жеңімпаздарына бөлім атынан диплом, медалдар табысталды. Одан соң, Наурыз мейрамының басты тағамы-наурыз көжесі де орталық алаңда таратылды.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT