Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мерейді өсірген қос марапат

Қашанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығы саласында да табысты еңбек етіп келе жатқан жерлестердің ішінде Мұрат Сармановтың шоқтығы биік.

Ол тек табысты кәсіпкер емес қайырымдылық іс жасауда да көпке үлгі болып жүрген жомарт жан. Одан бөлек ауылшаруашылығы саласын дамытуда да ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген жерлесіміздің жақында қос марапатқа ие болғанын біреу білсе, біреу білмес. Қазан айында Атырау облысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев іссапармен келіп, жергілікті кәсіпкерлермен кездескен болатын. Сол жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқаны үшін «Аманат премиясының лауреаты» медалін Мұрат Сармановтың кеудесіне жоғарыда айтқан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өз қолымен тақты.

Осылайша, медаль алып мерейі асқақтаған жерлесіміз жақында тағы бір маңызды марапатқа ие болды. Қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында ауылшаруашылығы министрлігінің қорытынды жиыны өтіп, сол жиында Мұрат Сарманов «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Осы орайда, жыл соңында қос бірдей марапатқа ие болған жерлесімізге құтты болсын айтып, зор табыс тілейміз.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT