Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

Өткен аптаның жұмасы күні «Арман» мәдениет үйінің дәлізінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу бағытында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы және «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткен жәрмеңкеге аудандағы бөлім-мекемелермен қатар, бос жұмыс орнын ұсынушы жеке кәсіпкерлер де қатысты. Алдымен, сөз алған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Бекешов мемлекеттік бағдарлама мақсаттарын кеңінен түсіндіріп, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеге барлығы 47 жұмыссыз қатысып, 6 азаматтың түйіндемелері мамандықтарына сәйкес, вахталық әдістегі мекемелердің сұраныстары бойынша жолданса, аудан мекемелерінің сұранысы бойынша 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521