Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мамандығыңды мемлекет кәдесіне асыр

Аудан әкімдігінде «100 нақты қадам» жобасы аясында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құруды» іске асыру мақсатында жергілікті тұрғындар мен жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген жастардың арасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

1

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аудан көлемінде мемлекеттік қызметке түсу жолдарын түсіндіріп, насихаттау, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарды толықтыру мақсатын көздеді. Жәрмеңке Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменттің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Оған аудандық полиция бөлімі, аудандық қазынашылық басқармасы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық аумақтық инспекция, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық статистика басқармасының басшылары мен бас мамандары қатысты. Шара барысында мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан талапкерлердің сұрақтарына заңдылықтарға сәйкес жауаптар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT