Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мал өсірушілерге несиені көбейту керек

Биылғы жылы ауыл шаруашылығына қанша қаражат бөлінді екен?

Егер ауыл шаруашылығы несие берсе, атқарылар істе қосымша жұмыссыз жүрген адамдарды қамтамассыз етер еді. Несиені тек 1 миллион немесе 3 миллион бермей молырақ берсе деймін. Себебі, әрмен қарай айналдыру үшін мол қаржы қажет. Кепілге қоятын жылжымайтын мүліктің орнына «Даму» бағдарламасы сияқты несие алатын адам өзі кепіл болғаны дұрыс. Сонымен қатар, 1 миллионға үш бұзаулы сиыр алғаннан кейін, оған қандай жұмыссыз адамды қамти аласың. Аудан басшылығынан қожалыққа жер беріліп, ауыл шаруашылығынан қомақты қаржы бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі уақытта мал өсіруде оңайға түспей тұр. Ит-құс оған қоса, ұры-қары тағы бар. Қожалық болған соң өз-өзін қамтамасыз ететіндей, яғни, шөп шабатын трактор тіркемесімен арнайы орағы болғаны жақсы. Малға қора жайы, адамға үй жайы тағы керек. Мемлекет, үкімет басшылары осыған көңіл бөлсе екен. Әрине бәрі бастапқы қаражатқа келіп тірелері айдан анық. Содан соң, қожалық иесіне жәрдемші, аспазшы, сауыншы, тракторшыларды жұмыспен қамтамасыз етуге талап қоюға болады. Сол кезде ғана жұмыссыздық азаяды.

Нұркен ҚАЗИЕВ.

(Пікір фейсбуг желісінен алынды)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT