Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мүсінді сөйлеткен суретші

А.Өміров атындағы балалар өнер мектебінде Орал Таңсықбаев атындағы Алматы қолөнер колледжі көркем қыш өнері факультетінің түлегі, әуесқой фотосуретші, қолөнерші Жайлау Таласовпен кездесу болып өтті.

Мақсат – саз балшықтан бұйымдар жасаудың қыр-сырымен таныстырып, балалардың осы өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, қыш өнері, саз балшық мүсіндерін насихаттау. Шара барысында, Жайлау Асқанұлы оқушыларға қыштан жасалатын бұйымдар технологиялық қасиеттеріне байланысты негізгі шикізат болып табылатындығын, техникалық қыш жекелеген түрлерінің қасиеттері саздан және каолиннен (ақ бор) жасалған өнімдердің қасиеттерінен өте қатты ерекшеленетіндігін, технологиялық әдістерін қолданып, оларға шикізатты өңдеу, қыш массаны дайындау, өнімді шығару, кептіру және күйдіру жұмыстары жүргізілетіндігін әңгімелеп берді. Сонымен қатар, жасалған саз сырнайлар, құмыра түрлері, ыдыстар, түрлі жануарлар бейнелерін балалар назарына ұсынды.

Бұған қоса, ол: «Қазақ қолөнерінің ежелгі түрін қайтадан жаңғырту қуантарлық жайт. Алайда, осы уақытқа дейін қыш өнерін дамыту барысында жоғарғы тараптан қолдау болмай келе жатқандығы көңілге кірбің түсіреді» деген пікірін білдірді.

Рысбике ІЗБАСОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT