Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Камшаттың кәсібі көптің сұранысына ие

Өткен жылы аудан бойынша «Бизнес Бастау» жобасымен 167 тұрғын кәсіби білім алса, 31 талапкер бөлінген 104 миллион. 429 мың теңге несиені алып, өз кәсіптерін де бастады. Солардың бірі – Миялы ауылының тұрғыны Кенжеғалиева Камшат Оңайбайқызы. 

Кәсіпкерлікке ынта қойған ол мемлекеттен 6 пайыз жеңілдікпен 6 миллион теңге несие алған болатын. Кәсіп ашу мақсатында 15/20 шаршы метр ғимарат құрылысының жұмысын жүргізген кәсіпкер айналым қорын молайтуды көздеді. Осылайша, алға қойған жоспарына тиянақтылықпен қараған Камшат «Мерей» сауда орталығын ашып, бүгінде 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Онда дүкендер мен шаштараз қызметі, қол күтіміне арналған әсемдік салоны халыққа қызмет көрсетеді. Ал, сейсенбі күні сауда орталығының ашылу салтанатын ұйымдастырған кәсіпкердің игі қадамына аудан әкімі Арман Баженов арнайы келіп, алға қойған жоспарларына сәттілік тіледі. Жаңа нысанның лентасын қию құрметі аудан басшысы мен ауданның Құрметті азаматы Хамидолла Әбдірахмановқа жолданды . Кәсіпкер тұтынушы сұранысын қамту мақсатымен қолжетімді бағамен тұрмыстық заттар, ұлттық нақышта бедерленген «Қыз жасауы» топтамасын ұсынуды қолға алыпты. Әзірге, заманауи үлгідегі сәнді ыдыс-аяқтар, кілем, төсек-жаймалары, терезе перделерін, сәндеп ұсынып отырған кәсіпкер болашақта тұрмысқа қажетті жиһаздарын да үйлесіммен ұсынуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тұтынушылар сұранысын дітте-ген жеріне жеткізуді де ойға алған ол «Газель» автокөлігіне тапсырыс беріп қойғанын да жасырмады. Мұның бәрі Камшаттың іскерлік қабілеті, қоғаммен етене еңбекке араласудағы белсенділігін танытады.

Толығырақ «Қызылқоға» газетінің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT